“Нұр Сұңқар” сыйлығы жерлесімізге бұйырды

Баспасөз күні қарсаңында өтіп жатқан іс-шаралардың ең танымалы — “Нұр Отан” партиясының журналистер арасында өтетін “Нұр Сұңқар” байқауы. Бұл байқау журналистердің кәсіби мерекесінің алдында жыл сайын өткізіліп, жеңім-паздар бағалы сыйлықтармен марапатталып жүр.
Биылғы жылғы кезекті байқауда Ескелді ауданының тумасы, жерлесіміз, алғаш еңбек жолын жергілікті газет “Жетісу шұғыласынан” бастаған. Бүгінде жас журналист Индира Бекайдар “Қазақстан” телеарнасының тілшісі болып қызмет етеді. Ол байқаудың “Халық дауысы” номинациясы бойынша үздік тележурналист атанып, бас жүлдені жеңіп алды. Индира ақшалай сыйлық 1 000 000 теңге сыйақыға ие болды.
З. ЖАҚСЫБАЕВА.